ЙОГУРТ, БАЛДЫРКӨК ҰНТАҚТАРЫМЕН НЫҒАЙТЫЛҒАН МАКАРОН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУЛЕР

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.30-1225
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Макарон өнімдерінің ең көп тұтынатын азық-түлік өнімі екені айтылған. Қазіргі таңда азық-түлік өнеркәсібінде маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Мұндай өнімдердің дамуы халықтың денсаулығына зиян келтірмеу үшін дәмді және пайдалы тағамдарды ұсыну мақсат қояды. Макарон өнімдері пайдалы өнімдерді алу үшін жаңа макарон өнімдерін өндірудегі кейбір негізгі қиындықтарды қарастырады. Тағамдық макарон өнімдерінің жолдарын әзірлеу. Макарон өнімдерін өндірудің негізгі шикізаты бидай ұны мен су болып табылады, ал қосымша шикізатқа әр-түрлі байытқыш қоспалар (жұмыртқа, йогурт, балдыркөк ұнтақтары) жатады. Тағамдық және денсаулыққа пайдалы қасиеттері бар макарон өнімдерін жасау технологиясы қарастырылады. Зерттеу барысында дәстүрлі бидай ұнына йогурт, балдыркөк ұнтақтары қосу арқылы, функционалдық құрамы байытылған макарон өнімінің рецептурасы ұсынылды. Йогурт ұнтағы өнімнің ақуыздық құрамын арттырып, пайдалы микроэлементтермен толықтырды, сондай-ақ өнімнің дәмі мен иісіне жағымды әсер етті. Алынған макарон үлгісі ГОСТ 14849-89 стандартына сай пішінін сақтап, қайнатқаннан кейін ыдырамаған және жабыспаған. Сенсорлық талдау нәтижелері бойынша дайын өнімнің органолептикалық көрсеткіштері жоғары бағаланды. Зерттеу нәтижесінде денсаулыққа пайдалы әрі тағамдық құндылығы жоғары макарон өнімін дайындаудың тиімді жолы анықталды.