ASSESSING FUNCTIONAL LITERACY IN INFORMATICS THROUGH PISA TASKS

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/mpimet.2026.v13.i1.071
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада халықаралық салыстырмалы бағалау жобасы болып табылатын PISA (Programme for International Student Assessment) тапсырмаларын информатика пәнінде қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалаудың теориялық негіздері мен практикалық тетіктері жан-жақты қарастырылады. Қазіргі ақпараттық қоғамда информатика пәні тек техникалық біліммен шектелмей, оқушылардың ақпаратты талдау, әртүрлі форматтағы дереккөздермен жұмыс істеу, логикалық және алгоритмдік ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Осыған байланысты PISA форматындағы тапсырмалар шынайы өмірлік жағдаяттарға сүйеніп құрылуымен ерекшеленеді және оқушының жоғары деңгейлі ойлау қабілеттерін, цифрлық ортада шешім қабылдау дағдыларын, деректерді интерпретациялау мүмкіндігін кешенді бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында PISA тапсырмаларының құрылымдық ерекшеліктері, бағалау индикаторлары мен деңгейлік талаптары талданып, оларды информатика пәнінің негізгі мазмұндық бағыттарымен — ақпараттық модельдеу, деректерді өңдеу, алгоритмдеу, программалау және цифрлық қауіпсіздікпен кіріктіру тәсілдері ғылыми тұрғыда негізделеді. Мектеп тәжірибесіне сүйене отырып, PISA типтес тапсырмаларды оқу үдерісінде қолданудың тиімділігі, олардың функционалдық сауаттылықты арттыруға ықпалы және бағалау сапасын жақсартудағы мүмкіндіктері нақты мысалдар арқылы көрсетілген. Алынған нәтижелер информатика пәні мұғалімдеріне құзыреттілікке бағытталған оқыту мен бағалауды жетілдіруде маңызды әдістемелік бағдар бола алады