БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН НОРМАТИВТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРМЕН ҮЙЛЕСТІРУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.30-1549
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Халықаралық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың күшеюі жағдайында ұлттық нормативтік реттеу жүйелерін халықаралық стандарттармен үйлестіру өзекті мәселеге айналуда. Балық өнімдері, әсіресе ready-to-eat (RTE) санатына жататын өнімдер микробиологиялық қауіпсіздікке, суық тізбекті бақылауға және шикізаттың қадағалануына қатысты жоғары талаптармен сипатталады. Зерттеудің мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі балық өнімдерінің қауіпсіздігін нормативтік реттеу жүйесінің үйлесімділік деңгейін Еуропалық одақ талаптарымен және Codex Alimentarius халықаралық стандарттарымен салыстыра отырып бағалау. Зерттеу барысында нормативтік құжаттарды салыстырмалы-құқықтық талдау, нормативтік талаптардың контент-талдауы, реттеуші блоктарды сараптамалық ранжирлеу, gap-талдау және нормативтік жүйенің үйлесімділігін интегралды бағалау әдістерін қамтитын ғылыми әдістер кешені қолданылды. Зерттеу шеңберінде ұлттық нормативтік жүйенің халықаралық талаптарға сәйкестік деңгейін сандық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік беретін IH-FISH (Index of Harmonization for Fish Safety Regulation) интегралды үйлесімділік индексінің моделі әзірленді. Зерттеу нәтижелері нормативтік талаптардың ең жоғары үйлесімділік деңгейі микробиологиялық қауіпсіздік және өндірістің санитарлық талаптары саласында байқалатынын көрсетті. Сонымен қатар суық тізбекті цифрлық мониторингтеу, өнімнің қадағалану жүйелері және антифрод-бақылау механизмдері саласында елеулі айырмашылықтар анықталды. Интегралды үйлесімділік индексінің есептеулері ЕАЭО нормативтік жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігі орташа деңгейде екенін көрсетті. Алынған нәтижелер балық өнімдерінің қауіпсіздігін нормативтік реттеу жүйесін жетілдіруде, жеткізу тізбектерін цифрлық мониторингтеу механизмдерін дамытуда және өңделген балық өнімдерінің халықаралық нарықтағы экспорттық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қолданылуы мүмкін.