Аңдатпа
Бұл мақалада адамның дұрыс тамақтану қажеттілігіне сәйкес лактозасы төмен функционалдық сүт өнімін өндіру технологиясын талдау нәтижелері көрсетілген. Талдау нәтижелері бойынша дайын сүт өнімінің органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері сиыр сүтінің көрсеткіштерімен салыстыра отырып анықталды, яғни сыртқы түрі біркелкі, консистенциясы біртекті, иіс пен дәм бойынша сүтке тән дәм, ащы емес, біркекі ақ түске ие. Дайын өнімнің физика-химиялық көрсеткіштері: тығыздығы - 28,77 /м3, қышқылдығы - 19 °Т, ақуыз – 3,09 г, лактоза – 0,1 г. Сиыр сүтіне лактаза ферменті мен әртүрлі мөлшердегі теңіз балдыры қосылып, төрт үлгі дайындалды. Зерттеу нәтижесінде 0,02 % теңіз балдыры қосылған сүт үлгісі органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері бойынша оңтайлы деп танылды.