ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЕҢІСІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІ (Ақтөбе өңірі материалдары бойынша)

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.88.1.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала Ұлы Отан соғысы жеңісіндегі Ақтөбе өңірінің әйелдерінің рөлін көрсетуге арналған. Өңір тарихын зерделеу Отандық тарихнаманың маңызды рөл атқаратындақтан, мақала тақырыбының өзектілігін атап өтуге болады. Мәселе бойынша зерттеулерге тарихнамалық шолу жасай отырып, авторлар әлі де, мәселе төңірегінде зерттеулердің қажеттілігіне назар аударады. Еңбек майданында түрлі кәсіптерді – бұрғылаушы, жөндеуші, токарь, машинист, комбайншы, шахтер, паравозшы, тракторлар мен автомобильдердің жүргізушілері, есепшілер, дабылшылар болуымен бірге, әскери мамандықтарды – медбике, ұшқыш, танкист, пулеметші, сапер, барлаушы, тіпті мергендікті игерді. Авторлар, мақаланы жазу барысында бұрын ғылыми айналымға енгізілмеген Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві қорларының құжаттарын, «Актюбинская правда» атты мерзімді басылым материалдарын, мемуарлық естелік деректерді кеңінен пайдаланған, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы экономиканың басты салаларындағы әйелдердің жанқиярлық еңбектері мен қызметтерін қарастырған. Өлкедегі әйелдердің тылдағы еңбек үлесінің өсуін статистикалық деректер арқылы талдаған. Жекелеген аудандар бойынша савхоз, колхоздағы әйелдердің ердлікке толы қызметтері сараланады. Сонымен қатар, мақалада түрлі өндірістік салаларында белсенділік танытқан «стахановшы» «әйелдердің жұмысты ерлермен тең деңгейде атқарғандығына назар аударады. Мәселені талдауда тарихи-хронологиялық, объективтілік, жүйелілік қағидалары басшылыққа алынып зерттелінген