Жобаға бағытталған компаниялардағы адам ресурстарын басқаруға цифрландырудың әсері

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2026-1-154-169
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты жобаға бағытталған компанияларда цифрлық технологиялардың адам ресурстарын басқаруға әсерін анықтау және тиімді стратегиялық шешімдер әзірлеу болып табылады. Әдістер – диалектикалық және абстрактілі-логикалық әдістер, ғылыми әдебиеттерді контент-талдау, салыстырмалы және құрылымдық талдау, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының құрылыс және IT-компаниялары өкілдеріне сауалнама жүргізу. Нәтижелері – 60 респонденттің сауалнамасы негізінде HR-үдерістерді цифрландыру деңгейіне және персоналды басқаруда цифрлық құралдарды пайдалану ерекшеліктеріне талдау жүргізілді. Цифрландыру негізінен ішінара сипатта болатындығы және ең алдымен персоналды іріктеу мен бейімдеуде, коммуникацияда және жобалау топтарын үйлестіруде көрінетіні анықталды. Цифрлық жетілу деңгейіне және технологиялардың жобаларды басқару жүйесіне интеграциялану дәрежесіне байланысты Құрылыс және IT-компаниялар арасындағы айырмашылықтар анықталды. Цифрландырудың негізгі кедергілері, соның ішінде цифрлық құзыреттіліктің жетіспеушілігі, өзгерістерге қарсылық және шектеулі ресурстар анықталды. Адам ресурстарын басқаруды цифрландырудың тиімділігін арттырудың стратегиялық шешімдері негізделген. Қорытындылар – жобаға бағытталған компаниялардағы HR қызметін цифрландыру қалыптасу сатысында және цифрлық шешімдерді фрагментті енгізумен сипатталады. Адам ресурстарын басқару тиімділігін арттыру цифрлық трансформацияға жүйелі көзқарасты, цифрлық құзыреттерді дамытуды, HR функцияларын жобалық басқарумен біріктіруді және аналитикалық құралдарды пайдалануды кеңейтуді талап етеді.