ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАЛАРЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t83.n1.12
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі білім беру кеңістігіндегі мектептің орны мен мәні, оның стратегиялық бағыты, атқаратын негізгі қызметтері және жалпы білім беретін ұйымдарды басқарудың заманауи тәсілдері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында мектепті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін факторлар талданып, басқару қызметін ұйымдастыруға қатысты эмпирикалық деректерге негізделген қорытындылар жасалған. Сонымен қатар қазіргі заман талаптарына сәйкес мектеп басшысының басқарушылық қызметін жетілдіруге арналған практикалық ұсыныстар жүйеленіп берілген. Қоғам тарапынан мектепке қойылатын талаптар әлеуметтік-экономикалық дамудың жаһандық үдерістерімен тығыз байланысты түрде үнемі өзгеріп отырады. Осыған орай қазіргі мектептің басты міндеті – жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік көзқарасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, дербес тұлғаны тәрбиелеу және дамыту болып табылады. Бұл мақсат білім беру ұйымдарын басқару жүйесін түбегейлі жаңғыртуды, оқушының өзін-өзі дамытуы мен дербес әрекетіне қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Аталған үдеріс жаңа білім беру саясатын қалыптастыру қажеттілігін айқындап, мектепті басқарудың дәстүрлі статикалық моделінен икемді, динамикалық әрі жаңашыл басқару үлгісіне көшуге негіз болды. Аталған басымдықтар аясында еліміздің білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі заңды құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл өз кезегінде білім беруді интернационалдандыру бағыттарын айқындауды, халықаралық тәжірибелерді саралап қолдануды, жаһандық білім беру үрдістері туралы жан-жақты ақпараттануды және білім берудегі жаһандану жағдайында ұлттық ұстанымды нақты айқындауды талап етеді. Сонымен бірге білім беру саласындағы инновациялық модельдерге саналы әрі теңгерімді көзқарас қалыптастырудың маңызы ерекше екені негізделеді.