ДӘСТҮРЛІ МЕТАФОРА МЕН АВТОРЛЫҚ ЖАҢАШЫЛДЫҚ: Т. АЙБЕРГЕНОВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТІЛДІК МЕТАФОРАЛАР

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t83.n1.25
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ поэзиясындағы метафоралық қолданыстардың дәстүрлі және авторлық қырлары Т. Айбергенов өлеңдері негізінде талданады. Зерттеудің өзектілігі метафораның тілдің семантикалық жүйесін байытудағы, көркем мәтіндегі бейнелілік пен әсерлілікті күшейтудегі қызметімен, сондай-ақ ақынның дүниетанымын танытатын когнитивтік механизм ретіндегі табиғатымен айқындалады. Теориялық негіз ретінде қазақ тіл білімінде метафора мәселесін алғаш терең әрі жүйелі қарастырған Б. Хасановтың тұжырымдары басшылыққа алынып, метафораның «екі зат пен құбылысты салыстыру арқылы сөздің ауыс мағынада қолданылуы» екені негізгі анықтама ретінде қабылданды. Сонымен қатар І. Кеңесбаевтың ұлттық-тілдік ерекшелікке қатысты пайымдары, А.Б. Салқынбай мен Е. Абақанның лингвистикалық анықтамалары, метафораның сөзжасам және терминдену үдерістеріндегі рөлі жөніндегі Б. Қасым, Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы, Ш. Құрманбайұлы еңбектеріндегі пікірлер зерттеу бағытын толықтырды. Зерттеу материалы ретінде Т. Айбергеновтің өлең мәтіндерінен іріктелген метафоралық бірліктер алынып, сипаттамалы, семантикалық және контекстік талдау әдістері арқылы қарастырылды. Нәтижесінде ақын поэзиясында дәстүрлі тілдік метафоралар ұлттық танымға жақын тұрақты бейнелерді қалыптастырып, оқырманмен эмоционалдық байланыс орнататыны, ал авторлық метафоралар ақынның дара эстетикалық әлемін, тың ассоциациялық ойлауын және когнитивтік бейнелеу мүмкіндігін танытатыны анықталды. Мақалада дәстүрлі метафора мен авторлық жаңашылдықтың өзара сабақтастығы мен айырмашылықтары жүйеленіп, Т. Айбергенов поэзиясындағы метафораның семантикалық әрі көркемдік қызметі нақтыланады.