PDF ҚҰЖАТТАРДЫ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ГЕНЕРАЦИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН ВЕБ-СЕРВИС

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t83.n1.05
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысы білім беру мекемелерінде мақтау грамоталарын, дипломдарды және алғыс хаттарды автоматтандырылған түрде әзірлеуге арналған веб-сервиске арналады. Басты мақсаты – мұғалімдерге көп көлемде құжаттарды қысқа уақыт ішінде сапалы әрі қателіксіз дайындауға мүмкіндік беру. Сервис интуитивті интерфейсті, кеңейтілген баптау мүмкіндіктерін, көптілділікті қолдауды және Excel-файлдар асыз етеді: негізінде топтап PDF-құжаттар генерациялау функциясын қамтиды. Зерттеудің маңызды нәтижелері бірнеше бағытта көрініс тапты. Біріншіден, технологиялық тұрғыдан PHP тілінде және TCPDF кітапханасы негізінде жүзеге асырылған шешім құжаттарды автоматты түрде генерациялаудың тиімділігін дәлелдеді. HTML, CSS және JavaScript арқылы жасалған интерфейс пайдаланушыға ыңғайлы тәжірибе ұсынады, ал JSON-файлдар локализацияны қамтамасыз етеді. Екіншіден, педагогикалық тұрғыдан сервис мұғалімдердің уақытын үнемдеуге, құжаттарды рәсімдеудегі қателіктерді азайтуға және оқушылардың жетістіктерін ресми түрде мойындауды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, әлеуметтік тұрғыдан білім беру мекемелерінде цифрлық трансформацияны қолдап, құжаттандырудың жаңа деңгейін қалыптастырады. Теориялық маңыздылығы – білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігін дәлелдеу және педагогикалық мотивацияны арттырудың жаңа әдістерін ұсыну. Практикалық маңыздылығы – мұғалімдерге арналған нақты құрал ретінде құжат дайындау процесін автоматтандыру, уақытты үнемдеу және сапаны арттыру. Сонымен қатар, сервис басқа салаларда да (сертификаттар, шақыру билеттері, ресми хаттар) қолдануға бейімделе алады.