ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ ФИЗИКА ПӘНІН ТИІМДІ ОҚЫТУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t83.n1.01
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада физика пәнін оқыту үдерісінде цифрлық платформаларды қолданудың теориялық негіздері мен практикалық артықшылықтары жан-жақты қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологиялар оқытудың инновациялық бағыты ретінде дәстүрлі әдістерді толықтырып, оқу мазмұнын жаңартуға мүмкіндік береді. Олар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, күрделі физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды көрнекі, нақты әрі түсінікті түрде меңгеруге жағдай жасайды, сонымен қатар білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.Мақалада оқу процесінде кеңінен қолданылатын PhET және Efizika сияқты виртуалды зертханалардың рөлі айқындалады. Бұл платформалар теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, оқушыларға тәжірибелерді қауіпсіз, ыңғайлы және қолжетімді виртуалды ортада орындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде олардың ғылыми қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеттері қалыптасады.Сонымен қатар, Quizizz, Kahoot және Spinnerwheel сияқты интерактивті платформалардың оқу үдерісіндегі тиімділігі талданады. Аталған құралдар білімді жедел тексеруге, нақты уақыт режимінде кері байланыс алуға және ойын элементтері арқылы сабаққа деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Мұғалім үшін бұл платформалар оқу нәтижелерін бақылауға, саралауға және жалпы оқыту сапасын арттыруға тиімді жағдай туғызады.