PROBLEMS OF IDENTIFICATION AND PREVENTION OF DOMESTIC VIOLENCE AGAINST WOMEN IN THE MODERN CRIMINAL LAW POLICY OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t83.n1.49
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында әйелдерге қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың қазіргі жағдайына талдау жасалады. Зерттеуде құрбан болған әйелдер ерлі-зайыптылар немесе ерлерге басқа тәуелді позицияда болған кездегі тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларына бас назар аударылады. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша құқықтық базаның жай-күйіне, әйелдер мен балаларға жасалған әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған республика заңнамасындағы соңғы өзгерістерге талдау жүргізілді. Авторлар отбасылық зорлық-зомбылықтың өсу факторлары мен себептерін зерттеп, құқық бұзушылықтың осы түрінің жоғары латенттігіне және Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы ресми деректер мен нақты қылмыс көрінісінің сәйкес келмеуіне назар аударады. Зерттеуде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жағдайларына ден қоюдың нақты тетігінің жоқтығы және олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін заңды түрде толық қамтамасыз ету мүмкін еместігі мәселесіне ерекше назар аударылған. Тек әйелдер мен қыздарға қатысты ең қорқынышты зардаптарға әкеп соқтырған үлкен қылмыстар қоғам мен мемлекеттік органдардың назарын аударуда. Зерттеуде отбасылық қатынастарда әйелдерге қол сұғудың алдын алу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және ең бастысы өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жағдайды жақсартуға болатын белгілі бір шаралар ұсынылады.