INFORMATION SECURITY RISK ASSESSMENT USING A FUZZY FIS MODEL

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51885/3134-8025_jics_2026_1_5
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау міндетін шешу үшін айқын емес логикаға негізделген модельді қолданудың ғылыми және практикалық аспектілері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі ақпараттық жүйелерде пайда болатын белгісіздік пен толық емес деректер жағдайында тәуекелді дәл бағалау қажеттілігімен анықталады. Жұмыстың мақсаты –Мамдани әдісі негізінде құрылатын айқын емес логикалық модельді әзірлеу және оның дәстүрлі бағалау тәсілдеріне қарағанда тиімділігін көрсету. Зерттеу барысында аналитикалық шолу, моделдеу, фаззификация, ережелер базасын құру және эксперименттік тексеру әдістері қолданылды. Алынған нәтижелер ұсынылған модельдің тәуекел деңгейін дәлірек анықтайтынын, белгісіздікке бейім екенін және практикалық қолдануға қолайлы екенін көрсетті. Ғылыми жаңалығы айқын емес логикалық ережелерге негізделген тәуекелді интегралды бағалау моделінің әзірленуімен сипатталады. Модельді корпоративтік және білім беру жүйелерінде қолдану оның басқарушылық шешімдерді қолдауда тиімді құрал бола алатынын дәлелдейді.