AN EXPERIMENTAL STUDY OF THE EFFECT OF PERFORATION ON THE STIFFNESS AND WEIGHT OF A SCISSOR LIFT PLATFORM

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51885/3134-8009_jes_2026_1_12
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу ығысу және артық салмақ мәселелерін шешу үшін қайшы көтергіш платформасын жаңартуға бағытталған. Зерттеудің мақсаты –фланецтері бар оңтайландырылған перфорацияны пайдалану арқылы металл шығынын азайту және құрылымдық қаттылықты арттыру. Әдістемеге ANSYS компьютерлік модельдеу және 200 кг-ға дейін жүктелген Cт45 болат сынақ үлгілерімен далалық тәжірибелер кірді. Деформацияны жоғары дәлдіктегі сенсорларды пайдаланып өлшенген. Негізгі нәтижелер: 200 кг жүктеме кезінде оңтайландырылған перфорацияланған плат-форма берік платформаға қарағанда 2,46 есе төмен ауытқуды көрсетті, салмақ 8%-ға төмендеді. Күрделі меншікті қаттылық критерийі 2,66 есеге артты. Тесіктердің диаметрі мен көлбеуіне 25%-ға дейінгі тәуелділік анықталды. Зерттеудің ғылыми құндылығы рационалды перфорация арқылы иілу элементтеріндегі массаны азайту және қаттылықты максимизациялаудың біріктірілген үлгісінде жатыр. Тәжірибелік маңыздылығы: ұсынылған әдістеме өндіріс шығындарын азайту және автомобиль көтергіштерінің сенімділігін арттыру үшін тиімді жобалау шешімдерін жасауға мүмкіндік береді.