ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ТАНЫМ КӨРІНІСТЕРІ (А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫ НЕГІЗІНДЕ)

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp270-283
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы гендерлік таным мәселесі қарастырылған. Қазіргі әдебиеттанудағы гендерлік зерттеулер жазушының көркемдік кеңістіктегі ойлау жүйесін, ұлттық танымдағы маңызын жүйелеуде анықталады. Зерттеуде А.Кемелбаеваның прозалық шығармаларындағы әйел бейнесі гендерлік дискурс тұрғысында қарастырылып, ұлттық мәдени кеңістіктегі рөлі айқындалды. А.Кемелбаева прозасындағы әйел бейнесі – ұлттық танымды, шежірені сақтаушы, ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ететін кейіпкерлер жүйесі. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы қазақ әдебиетіндегі соңғы зерттеулер қарастырылып, кеңестік дәуірден бастап посткеңестік кезеңдегі гендерлік зерттеулер жайлы пайымдау зерттеудің жаңашылдығын көрсетеді. Сонымен бірге А.Кемелбаева шығармашылығы гендерлік дискурс аясында алғаш рет қарастырылып, әйел кейіпкерлер галереясы жан-жақты талданды. Зерттеудің нәтижесінде қазіргі қазақ прозасындағы гендерлік таным авторлық позиция арқылы кейіпкерлер жүйесімен, полифониялық тәсілмен жүзеге асқан. А.Кемелбаева әйелдер образын сомдауда ұлттық танымды басшылыққа алып, олардың ұлттық код тасымалдаушы етіп бейнелейді. Осы ретте зерттеудің құндылығы әдеби мәтінді гендерлік дискурс аспектісінде жүйелі түрде талдаумен байланысты.