EXPERIMENTAL STUDIES OF REDUCING THE OPTICAL POWER LEVEL IN FIBER-OPTIC INFORMATION TRANSMISSION LINES

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51885/3134-8009_jes_2026_1_5
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Осы зерттеуде ақпаратты берудің талшықты-оптикалық желілерінің оптикалық қуатының қосымша ысыраптары қаралады. Авторлар дисперсия, абсорбция, шашырау және өзге де физикалық құбылыстар сияқты оптикалық қуаттың жоғалуына әкелуі мүмкін әртүрлі факторларды талдайды. Осы ысыраптардың ақпарат берудiң тиiмдiлiгiне әсерiн зерделеуге баса назар аударылады.Зерттеу барысында авторлар оптикалық қуаттың қосымша ысыраптарының себептері мен салдарын түсіндіру үшін эксперименттік деректер мен теориялық модельдерге негізделген дәлелдер ұсынады. Олар сондай-ақ талшықты-оптикалық желiлер параметрлерiн оңтайландыруды және мамандандырылған компоненттердi пайдалануды қоса алғанда, ақпарат берудiң тиiмдiлiгiн жақсарту жөнiнде практикалық ұсынымдар ұсынады.Осы зерттеудің негізгі ойы оптикалық қуаттың қосымша ысыраптарын түсіну және есепке алу талшықты-оптикалық желілер бойынша ақпаратты тиімді беруді қамтамасыз ету үшін қажетті болып табылады. Авторлар осындай деректер беру жүйелерінің өнімділігі мен сенімділігін жақсартуға көмектесетін нақты ұсынымдар мен шешімдер ұсынады.