АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БҮГІНГІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp298-312
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Ахмет Байтұрсынұлының оқу сауаттылығын қалыптастыруға арналған әдістемелік жүйесі тарихи-педагогикалық тұрғыдан талданып, оның қазіргі бастауыш білім беру бағдарламаларымен ғылыми-әдістемелік сабақтастығы анықталады. Қазіргібілім беру жүйесінде оқу сауаттылығын дамытуға қойылатын талаптардың күшеюі бұл мәселенің өзектілігін айқындайды. Зерттеу барысында ғалымның «Әліппе», «Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Баяншы» еңбектеріндегі дыбыстық әдіс, буындап оқыту, мәтінді мағыналық деңгейде меңгерту, оқушының жас ерекшелігін ескере отырып оқу материалын кезең-кезеңімен күрделендіру сияқты негізгі педагогикалық қағидалары қарастырылды. Байтұрсынұлы ұсынған дыбыс–буын–сөз–мәтін–мағына сатыларына негізделген оқыту моделі қазіргі фонетикалық оқыту әдістерімен (phonics), түсініп оқу стратегияларымен және функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған халықаралық стандарттармен (PISA, PIRLS) салыстырылып, олардың әдіснамалық ұқсастығы айқындалды. Мақалада сондай-ақ жас ерекшелігіне сай тапсырмаларды ұйымдастыру, мәтінді талдау, логикалық ойлауды дамыту және тілдік дағдыларды кешенді қалыптастыру принциптері бүгінгі жаңартылған оқу бағдарламаларының құрылымымен және оның спиральді тәсілімен өзара байланыста қарастырылды. Зерттеуде тарихи-педагогикалық талдау, салыстырмалы талдау, контент-талдау және ғылыми жүйелеу әдістері қолданылып, Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасының қазіргі білім беру тәжірибесіндегі орны мен тиімділігі ғылыми дәлелмен көрсетілді. Зерттеу нәтижелері Ахмет Байтұрсынұлының оқу сауаттылығына қатысты көзқарастарының заманауи педагогикалық талаптармен толық үйлесетіндігін және оның еңбектері функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған қазіргі бастауыш білім беру бағдарламасының теориялық негіздерінің бірі болып табылатындығын дәлелдейді. Алынған тұжырымдарды бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік даярлығында және оқу бағдарламаларын жетілдіру үдерісінде қолдануға болады.