ДРАМАДАҒЫ ДӘСТҮР МӘСЕЛЕЛЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp283-297
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада түркі халықтары драматургиясындағы дәстүр жалғастығы, жанрлық-эстетикалық дамуы әдеби үдеріс аясында қарастырылуға талпыныс жасалынады. Драматургия жанрын тудыратын негізгі элементтер сюжет, композиция, тақырып, поэтика, диалог пен монологтың көркемдік қызметі айқындалып, трагедиялық конфликтінің әлеуметтік-тарихи және философиялық мәні талданады. Трагедияның эпикалық, тарихи, адамгершілік-тұрмыстық түрлерге жіктелу себептері көрсетіліп, олардың ұлттық дүниетаныммен, фольклорлық дәстүрмен сабақтастығы негізделеді. Драматургия жанрларының ішінде трагедияның көркемдік-эстетикалық табиғатына айрықша назар аударылып, трагедиялық тартыстың әлеуметтік-тарихи, философиялық сипаты ашылады. Трагедиядағы конфликт тұлға мен қоғам арасындағы бітіспес қайшылықтар жүйесі ретінде қарастырылып, трагедиялық қателік, адасу, тағдыр мен тарихи қажеттілік категориялары теориялық еңбектер негізінде сараланады. Сонымен қатар драма мен комедия жанрларының қалыптасу ерекшеліктері, олардың драмалық әрекет, мінез жасау, тілдік-стильдік жүйе тұрғысындағы өзіндік белгілері талданып, жанрлар арасындағы өзара ықпалдасу мен трансформация заңдылықтары көрсетіледі. ХХ ғасырдың басындағы түркі халықтары және оның ішінде қазақ драматургиясының қалыптасу кезеңі, әлеуметтік қайшылықтар, ұлттық сана мәселелерінің сахналық шығармаларда көрініс табуы ғылыми тұрғыдан пайымдалады. Зерттеу нәтижелері қазақ драматургиясының түркі халықтарының ортақ драмалық өнерімен байланысын, ұлттық театр өнерінің қалыптасуындағы көркем үйірмелер мен халықтық сахналық дәстүрлердің рөлін анықтауға мүмкіндік береді.