ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ҮРДІСІНДЕ ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2026.1.80.031
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ тілін үйрету үдерісінде геймификация элементтерін қолдану қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде инновациялық технологиялар мен цифрлық құралдарды пайдалану оқу сапасын арттырудың маңызды шарты болып табылады. Осы тұрғыда геймификация - студенттің оқу мотивациясын, белсенділігін және тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдіс ретінде қарастырылады.Зерттеудің мақсаты - қазақ тілін екінші немесе шет тілі ретінде оқытуда ойын элементтерін тиімді қолданудың әдістемелік негіздерін айқындау және олардың оқу нәтижесіне ықпалын анықтау. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, бақылау, тәжірибелік қолдану және педагогикалық эксперимент әдістері пайдаланылды.Негізгі идея оқу процесін геймификация арқылы эмоционалды және интерактивті ету, студенттің танымдық белсенділігін арттыру мен оқу материалын терең меңгеруіне жағдай жасауға бағытталған. Мақалада Duolingo, Memrise, Rosetta Stone, FluentU сияқты цифрлық платформалардағы геймификация элементтері және олардың қазақ тілін оқытудағы қолданылу жолдары қарастырылды. Оқу үрдісінде ойын элементтерін қолдану студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін арттырып, нәтижелі болуын көрсетті, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын кешенді дамытуға мүмкіндік беретіні анықталды. Сонымен қатар, викторина, рөлдік ойындар, уақытты басқару тақырыбындағы интерактивті тапсырмалар сияқты тәсілдердің тәжірибелік тиімділігі дәлелденді.Қорыта келе, геймификация әдісін жүйелі қолдану қазақ тілін оқытуда оқу процесін оңтайландырып, студенттің коммуникативтік құзыреттілігін және өзіндік даму қабілетін арттыратыны айқындалды. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы - геймификацияны тіл үйретудің инновациялық тәсілі ретінде оқу бағдарламаларына мақсатты түрде енгізу қажеттігін негіздеуінде.