Аңдатпа
Концепт ұғымы, концепті талдау құрылымы әртүрлі тілдерде екі тілдің және мәдениеттің ерекшеліктерін ескере отырып талданады. Зерттеу тақырыбының мақсаты құрылымы әртүрлі ағылшын және қазақ тілдеріндегі «билік», «power» концептілерінің лингвомәдени, лексикалық және семантикалық мағынасын ашу мен олардың екі тілдегі мағыналық баламаларын қарастыру және аударма барысында туындайтын мәселелерді зерттеу. Басылымға ұсынылып отырған мақалада саяси дискурс саласына жататын «билік», «power» концептілері жан-жақты талданып, екі тілге тән ұлттық мәдени ерекшелігі зерттеліп отыр. Бұл зерттеуде 1500-ге жуық «билік» концептісініне салыстырмалы-салғастырмалы, концептуалды, этимологиялық талдаулар жасалып, олардың сөздіктерде берілген мағыналары мен аудармаларына басты көңіл бөлінеді. Қазақ мәдениетінде «билік» концептісі дәстүрлі түсінік бойынша әділ шешім айтумен, адал қызмет етумен байланыстырылып, уақыт өте келе күш көрсету, аса мәртебелі болу, үкім айту секілді жағымсыз коннотациялар туғызатын болған. Ағылшын мәдениетінде «билік» алғашында қабілет ұғымында қолданылып, уақыт ағымымен күш, саяси күш, ықпалды мемлекет мағыныларында ұғынылады.Зерттеу нәтижесінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі концептілердің көп қырларының ұқсас екендігі анықталды, бақылау және үстемдік, күш пен ықпал, басқару сынды негізгі мағыналар бейнеленген «power» концептісі қазақ тіліндегі «билік» концептісінің ең жақын лексикалық баламасы екендігі, кейбір мағыналарында ондай ұғым екі тілде де кездеспейтініне көз жеткізілді. «Билік» концептін талдау барысында нақты сөздіктерден, саяси тарихи мәтіндерден мысалдар мен олардың аудармасы сарапталды. Зерттеу нәтижелері ұлтаралық, сондай-ақ мәдениетаралық эксперименттер жүргізу барысында, концептуалдық талдаулар жасауда қолданыс таба алады. Аударма талдаударын ассоциациялық сөздіктерді, екі тілді сөздіктерді құрастыруға, жоғарғы оқу орындарындағы лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, мәдениетаралық коммуникация секілді пәндерді оқыту тәжірибесінде қолдануға болады.