Джордж Оруэлдің «1984» романындағы жады концептісі

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2026-154-1-183-197
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақаланың мақсаты – ойлау категориясы, тарих, уақыт, адамның өткені мен бірегейлігі және билік күштері арқылы жүзеге асатын жады концептісін талдау. Джордж Оруэлдің «1984» романының материалы негізінде қоғам мүшелерінің жадына манипуляция жасау, атап айтқанда, тарихи фактілерді бұрмалау және құрастыру, жеке және ұжымдық жадыны өшіру арқылы адам ойына әсер ету жолдары қарастырылады. Бұл іс-әрекеттер идеологиялық қысым және адамның тұлғалық бірегейлігін мәжбүрлеп қалыптастыруымен күшейтіледі. Мақалада жады, ойлау, тарих және бірегейліктің өзара байланысы туралы, сондай-ақ ХХ-ХХІ ғасырларда адамды тек экономикалық қанау немесе физикалық құлдықта ұстау ғана емес, олардың ой-өрісіне билік жүргізу мәніндегі құл қылудың небір өзгеріске ұшыраған формалары туралы тезистер негізделген. Ойдан тарих құрастыру мен адам жадына манипуляция жасау әдістерін ашып көрсеткен Джордж Оруэлдің көркемдік тәжірибесі биліктің табиғатын зерттеумен танымал болған П. Рикёр, П. Нора, М. Фуко, Дж. Агамбен сияқты философтардың еңбектерінен айтарлықтай озып кетті. Әдебиеттерге қысқаша шолу барысы қазіргі ағылшынтілді әдебиеттанудағы жады концептісімен байланысы бар мәселелердің қаншалықты зерттелгенін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеулердің көптігіне қарамастан, заманауи сыни әдістер мен теориялар «1984» романының жаңа қырларына жол ашады. Романдағы жады концептісін талдау қазіргі жеке және ұжымдық жады теорияларына, бірегейлік тұжырымдамасына және когнитивтік теорияға негізделген.