Қазақстандағы монотілді балалардың тілдік даму ерекшеліктері

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2026-154-1-93-108
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы монотілді балалардың когнитивтік ерекшеліктерінің теориялық негіздері талданады. Монотілді балалардың танымы, шығармашылық қабілеті, интеллектуалдық әлеуеті қостілді және көптілді балалармен салыстырылып, зерттеу жүргізіледі. Монотілді балалар бір ғана тілдік ортада өсіп, ұлттық танымды қабылдай алады, ұлттық және мәдени кодымызды терең меңгереді. Қазақ-монотілді балалар ана тілінің табиғатын сақтап, тілді жойылудан, жұтылудан қорғауда ерекше рөл атқарады. Сондықтан қазіргі кезде монотілді балалар туралы мәселе өзекті болып отыр. Монотілді балалардың танымы мен интеллектуалды әлеуеті отандық, шетелдік ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері негізінде, антропоөзектік тұрғысында жан-жақты талданып отыр. Монотілді балалардың қабілетін шектемеу, оларға қолдау білдіру мәселесі әлі де талқылауды, зерттеу мен тәжірибе жүргізуді қажет етеді. Зерттеушілер тарапынан жүргізілген тәжірибелердің қамту аймағы кең көлемді бола алмайтынын да ескергеніміз жөн, себебі әрбір монотілді баланың әлемді тілдік тұрғыда тануы бір ғана тәжірибемен анықталмайды. Жоғары сынып оқушыларына тәжірибе жүргізу барысында олардың қазақы дүниетанымды терең меңгергені анықталды. Бұл олардың болашақта қазақ тілін әлемге танытып, ұлттық кодымызды сақтап және тасымалдап, жаңғырта алатынын көрсетеді.