Шәкәрім мысалдарындағы жануарлар бейнесінің поэтикалық-дидактикалық экспликациясы

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2026-154-1-225-236
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлы мысалдарындағы жануарлар бейнесінің дидактикалық мәні қарастырылды. Зерттеу барысында халықтық танымда орныққан зооморфтық ұғымдардың адам мінез-құлқымен астарлай берілу ерекшеліктеріне талдау жасалды. Ақынның «Қаншыр мен бөдене», «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Бояулы суыр», «Ақылшы торғай» мысалдарындағы жануарлар бейнесі арқылы адам мінезінің аллегориялық, символдық тұрғыда берілуі сараланады. Сонымен қатар, мысалдардағы адамгершілік, адалдық, әділеттілік, сондай-ақ жағымсыз қасиеттерді әшкерелеу тәсілдері ғылыми тұрғыда пайымдалды. Зерттеу бағыты мысал жанрының функционалдық табиғаты мен автордың поэтикалық бейнелер жүйесінің өзара сабақтастығын анықтауға негізделеді. Шәкәрім поэзиясына тән ұстаным – адамның ішкі «менімен» күресі, рухани кемелдену жолында ар-ұждан қағидаларын басшылыққа алу идеясы ретінде айқындалады. Осы тұрғыдан алғанда мысал жанрының поэтикалық және тәрбиелік әлеуеті, сондай-ақ оның оқырманға ұсынатын өмірлік-танымдық тағылымы қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде Шәкәрім мысалдарының шығыс, орыс және батыс әдеби дәстүрлерімен сабақтастығы анықталып, қазақ мысал поэзиясын дамытудағы орны айқындалды. Шәкәрім туындыларындағы жануарлар бейнесінің дәстүрлі ертегілік деңгейден асып, адам болмысының түрлі қырларын бейнелейтін көркемдік-символдық жүйе ретінде сипатталады. Зерттеуде герменевтикалық талдау әдісі қолданылды. Нәтижесінде Шәкәрім Құдайбердіұлы мысалдарындағы анималистік бейнелер жүйеленіп, олардың көркемдік-эстетикалық және тәрбиелік қызметтері сараланды.