ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ РЕТІНДЕ ТАНЫЛАТЫН «БІЛІМ» КОНЦЕПТІСІНІҢ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp83-96
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада «Білім» концептісінің лингвокогнитивтік тұрғыдан саралануы қарастырылады. Зерттеу М.Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің әңгімелерінде «білім» тілдік бірлігінің көркемдік-когнитивтік өрісін анықтауды көздейді. Мақалада «білім» концептісін фрейм, сцена және сценарийлер арқылы ментальдық модель ретінде сипаттауға қадам жасалады. Әдеби мәтіндерде білім тек таным көзі емес, сондай-ақ әлеуметтік теңсіздікке қарсы құрал түрінде көрініс табады. Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесінде сауаттылыққа ұмтылыс – әлеуметтік құқықтық тұрғыда қорғаныш сипатында бейнеленсе, М.Әуезовтің «Оқыған азамат» әңгімесінде оқыған адамның бейнесі әрқилы моральдық қасиеттермен көрініс табады. Қаламгерлердің шығармаларындағы «білім» концептісін лингвокогнитивтік талдау барысында оның контрастілі сипаттағы концепт екені анықталып, білімді адам әрі әділетті, әрі қатыгез болуы арқылы қарама-қайшылық позициясын танытатындығы айқындалды. Фреймдік талдау арқылы оқиғаның қатысушылары, олардың рөлі, әрекеттері нақты көрініс табады. Концепт тілдік, мәдени, әлеуметтік мазмұнмен тығыз байланыста зерттеледі. Зерттеу нәтижесінде білімнің ұлттық танымдағы орны мен көркем әдебиеттегі көрінісі тереңірек айқындалады.