Бүйрегі трансплантацияланған әйелдің экстракорпоральдық ұрықтандырудан кейінгі жүктілік пен босану ағымының ерекшеліктері: клиникалық бақылау

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37800/rm.1.2026.654
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Өзектілігі: Қазіргі уақытта бүкіл әлемде бүйрек ауруларының жиіленгені байқалады, бұл өз кезегінде созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің дамуына әкеледі. Мұндай жағдайда ең тиімді емдеу әдісі – бүйрек трансплантациясы. Алайда, бүйрек трансплантациясы кейін әйелдерде жүкті болу мүмкіншілігінің бұзылуы, сау әйелдерге қарағанда жиі кездеседі. Соған қарамастан, көмекші репродуктивтік технологияларды, соның ішінде экстракорпоралдық ұрықтандыруды (ЭКҰ) бұл санаттағы әйелдерге сирек пайдаланады. Трансплантациядан кейінгі әйелдердің жүктілігі кезінде кездесетін басты мәселелердің бірі – жүктілік кезінде трансплантат қызметінің нашарлау қаупі. Сондықтан мұндай жағдайларда жүктілікті жоспарлау кезінде көпсалалы мамандардың кеңесі, жүктіліктің оңтайлы мерзімін анықтау және алдын алу емшаралары ерекше маңызды. Зерттеу мақсаты: 43 жастағы, бүйрек трансплантациясынан кейін ЭКҰ әдісімен жүкті болған пациенттің жүктілігі мен босану нәтижесін зерделеу. Материалдар мен әдістер: Әдебиеттерді іздеу: PubMed дерек қорында, Қазақстан, Ресей Федерациясы және шетел әдебиетінің деректері кілт сөздер бойынша жүргізілді. Тірі туыстық донордан алынған бүйрек трансплантациясынан кейінгі әйелде жүктілік барысы, медициналық тексеру нәтижелері, босану жағдайы және нәрестенің денсаулық көрсеткіштері талданды. Жүктілікті жүргізу және бақылау Алматы қаласындағы № 4қалалық емханада және А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының мамандарымен бірлесіп жүргізілді. Акушерлік, гинекология және перинатология орталығында босандырылды. Нәтижелер: Жүктіліктің 37-аптасында жоспарлы кесар тілігі жасалды. 2925,0 г салмақпен, бойы 50 см болатын, Апгар шкаласы бойынша 7/8 баллмен бағаланған дені сау ұл бала дүниеге келді. Анасының бүйрек (трансплантат) қызметі қалыпты күйде қалды. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Қорытынды: кеш репродуктивті кезеңде ЭКҰ әдісімен жүктіліктің орын алуы және бүйрек трансплантациясынан кейін дені сау баланың дүниеге келуі оң нәтижеге қол жеткізуге болатынын көрсетеді. Бірақ бұл тек жүктілік бойы трансплантаттың қызметі тұрақты болған жағдайда ғана мүмкін. Жүктілік акушер-гинеколог, нефролог, трансплантолог мамандардың үнемі бақылауымен және ана мен ұрықтың денсаулығының клиникалық-лабораториялық көрсеткіштерін жүйелі тексерумен қатар жүруі тиіс.