АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДАҒЫ ЫҚПАЛЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.89.1.007
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстанда азаматтық қоғам институттарының (ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер, бастамашыл топтар) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы рөлі нормативтік түрде танылғанымен, олардың шешім қабылдау нәтижелеріне ықпалы көбіне консультативтік деңгейде қалады. Мақаланың мақсаты – азаматтық қатысудың жергілікті басқару тиімділігімен байланысын бағалап, ықпалдың институционалдық шарт-тарын айқындау. Зерттеу аралас әдіснамаға негізделді: Конституция мен «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға контент-талдау; квоталық-стратификацияланған сауалнама (n=2756; қала 63%, ауыл 37%); жартылай құрылымдалған сараптамалық сұхбат. Сандық деректер Spearman корреляциясы және кросс-талдаумен өңделді (p<0,05). Нәтижелер азаматтық қатысу мен жергілікті басқаруды субъективті бағалау арасында оң статистикалық байланыс бар екенін және өңірлік теңсіздікті көрсетті. Жаңалығы – институционалдық медиаторларға негізделген индикаторлық модель ұсыну.