ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1950-1980 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ КИНОХРОНИКАНЫҢ ДЕРЕКТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59103/muzkz.2026.13.08
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аңдатпа. Кинохроника материалдары белгілі бір кезеңнің күнделікті өмірін, еңбек үдерісін, адамдардың әлеуметтік жағдайын тікелей көрсететін маңызды дерек. Бұл материалдар көптеген қызықты жаңалықтарды, тәжірибелерді қамти алады. Олардың құндылығы айқын. Қазақстанның 1950-1980-ші жылдардағы кинохроникалары Қазақ КСР Ғылым Академиясында, ғылыми-зерттеу институттарында, мемлекеттік мекемелерде мамандандырылған кино және фотосурет бөлімдерімен түсірілді. Оның тақырыптары Қазақ КСР Ғылым және Техника жөніндегі мемлекеттік комитетімен нақтыланып отырды. Кинохроникалар мен ғылыми зерттеу кадрлары белгілі бір уақыт кезеңіндегі ғылым мен техниканың жай-күйі мен дамуына кең шолу жасайды, сондықтан оның әлеуметтік тарихты зерттеудегі деректік құндылығы жоғары. Олар экономиканың, ғылымның, өндірістік сияқты қызметтердің нақты аспектілерін көрсететін ақпаратты қамтиды және кинохроника сипаттағы фотоқұжаттамалар жазбаша тарихи деректерді толықтырады. Мақалада талданған архив құжаттарында еліміздің әлеуметтік тарихының дамуына қатысты оқиғалар қамтылған. Мақаланың мақсаты – Қазақстанның 1950-1980-ші жылдарында түсірілген кинохроникалардың әлеуметтік тарихты зерттеудегі деректік құндылығын қарастыру және кинохроникадан алынған материалдарды дереккөз ретінде қолданудың аясын кеңейту. Зерттеу жұмысымызда талданған кинохроника материалдары кеңестік кезеңнің өндіріс орындарындағы жұмысшы табының нақты өмірін, динамикалық бейнесін және аймақтың әлеуметтік тарихын жасауда сол кездегі фильм ретінде басылған тарихи көріністер баға жетпес дереккөз болып табылатындығын дәлелдей түседі.