Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың семантикалық саралау қызметі: мөлшер және көлем категориясы

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026phi1(121)/103-112
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қазақ және жалпы түркі тілдеріндегі дыбыс символизмі құбылысының «кіші-үлкен» және «жалғыз-көп» бинарлы ұғымдарын қалыптастырудағы рөлін талдауға арналған. Дәстүрлі лингвистикада тілдік таңбаның уәжсіздігі негізгі қағида ретінде қабылданғанымен, соңғы онжылдықтардағы психолингвистикалық, типологиялық және эксперименталды зерттеулер дыбыс пен мағына арасында табиғи, жүйелі байланыстар бар екенін дәлелдеп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, дыбыс символизмі — адамның кеңістік, көлем, күш, мөлшер секілді базалық танымдық категорияларын тілде бейнелеудіңкөне механизмі ретінде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты — қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың артикуляциялық және акустикалық ерекшеліктері арқылы «кіші-үлкен» және «жалғызкөп» ұғымдарының қалай сараланатынын айқындау, сондай-ақ бұл құбылыстың мифологиялық және ертегілік дискурстағы көрінісін көрсету. Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, семантикалық және дискурстық талдау әдістері қолданылды. Материал ретінде қазақтіліндегі еліктеуіш сөздер, мөлшерлік мағына беретін лексемалар, сондай-ақ қырғыз, өзбек, якут, түрік, хакас, түрікмен тілдеріндегі параллель формалар пайдаланылды. Сонымен қатар қазақ және басқа түркі халықтарының ертегілерінен алынған кейіпкер аттары (мысалы, Тоңқылдақ — Шіңкілдек, таз — жеті ағайынды, қу — қырық көпес) талдауға енгізілді. Талдау нәтижелері төменгі тонды, жуан дауыстылардың (мысалы, «а», «о») «үлкен», «көп», ұғымдарымен, ал жоғары тонды, жіңішке, қысаң дауыстылардың (мысалы, «і», «ы») «кішкентай», «жалғыз», «әлсіз» мағыналарымен жүйелі түрде ассоциацияланатынын көрсетті. Бұл заңдылық еліктеуіш лексикада, туыстық атауларда және мифтікертегілік дискурста тұрақты түрде көрініс табады. Зерттеу дыбыс символизмінің тілдің уәжді, прототілдік қабатын сақтаған феномен екенін дәлелдеп, түркі тілдерінің семантикалық типологиясын тереңірек түсіндіруге үлес қосады.