ДАЛА ЗОНАСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІГІН БАҒАЛАУ: CIBI ӘДІСТЕМЕСІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem80120263
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстанның дала зонасындағы биоалуантүрлік климаттық өзгерістер мен антропогендік қысымның әсерінен төмендеуде. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) биоалуантүрлігін бағалаудың бірыңғай кеңістіктік-сандық әдістемесі жоқтығына байланысты, зерттеу барысында авторлық Composite Index of Biodiversity Integrity (CIBI) әдістемесі әзірленді. Әдістеме бес параметрді біріктіреді: жалпы түрлік байлық (S), Қызыл кітапқа енген түрлер үлесі (R), түр тығыздығы (D), жоғары вегетациялы аумақтардың үлесі (V) және ЕҚТА жасы (Y). Салмақтық коэффициенттер Saaty аналитикалық иерархия процесі негізінде анықталды. Географиялық ақпараттық жүйелер мен қашықтан зондтау технологияларын қолдана отырып, Sentinel-2 спутниктік суреттері (2023–2025 жж.) негізінде 22 ЕҚТА (47 903,5 км²) талданды. Нәтижелер бойынша аумақтар төрт санатқа жіктелді: жоғары биоалуантүрлік (CIBI > 0,40; 1 ЕҚТА – Наурызым МТҚ), орташа деңгей (0,31–0,40; 5 ЕҚТА), төмен деңгей (0,20–0,30; 11 ЕҚТА) және өте төмен деңгей (< 0,20; 5 ЕҚТА). NDVI мен түрлік байлық арасында орташа оң корреляция анықталды (r = 0,58; p < 0,01). CIBI әдістемесі ЕҚТА-ларды салыстырмалы бағалауға, басымдықты қорғау аймақтарын анықтауға және табиғат қорғау саясатында дәлелді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.