БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ MULTISKILLING ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ)

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.80.1.016
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі білім беру жүйесінің трансформациясы жағдайында мұғалімнің кәсіби даярлығына қойылатын талаптар елеулі түрде өзгеріп, оның кәсіби құзыреттерін қалыптастырудың тиімді модельдерін іздестіру өзекті мәселеге айналуда. ХХІ ғасыр мұғалімі тек пәндік білімді жеткізуші ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың сыни ойлауын, шығармашылық әлеуетін және әлеуметтік белсенділігін дамытатын көшбасшы, фасилитатор және тәлімгер ретінде қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда, болашақ педагогтерді даярлау үдерісінде қатты (hard skills) және жұмсақ (soft skills) дағдыларын кіріктіре әрі теңгерімді дамытуға бағытталған multiskilling тұжырымдамасының маңызы артып отыр. Мақалада болашақ педагогтердің кәсіби қызметке дайындығын айқындайтын қатты (цифрлық сауаттылық, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру, басқару және бағалау) және жұмсақ (коммуникативтік қабілеттер, командада жұмыс істеу, көшбасшылық, бейімделгіштік) арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында сауалнама, тестілеу және Пирсонның корреляциялық талдауын қоса алғанда, математикалық-статистикалық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижелері қатты және жұмсақ дағдыларының көрсеткіштері арасында жоғары оң корреляцияның бар екенін көрсетті, бұл multiskilling тәсілін оқу үдерісіне енгізудің тиімділігін дәлелдейді. Көпбейінді құзыреттерді дамыту болашақ педагогтердің кәсіби икемділігін арттырып, инновациялық қызметке дайындығын және өзгермелі білім беру ортасына бейімделу қабілетін күшейтетіні анықталды.Қорытындылай келе, multiskilling тұжырымдамасын жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне интеграциялау болашақ мұғалімдерді сапалы даярлаудың және еңбек нарығы талаптарына сай бәсекеге қабілетті маман қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады.