ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ИНЦИДЕНТТЕРІН МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53364/24138614_2026_40_1_13
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы киберомнциденттердің уақыттық динамикасы зерттеліп, алдыңғы қатарлы цифрлық мемлекеттермен (АҚШ, Сингапур) салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеудің әдістемелік негізі ретінде уақыттық қатарларды талдаудың эконометрикалық құралдары: толықтырылған Дикки Фуллер тесті (ADF), Йохансен (Johansen) коинтеграциялық тесті және Векторлық авторегрессия (VAR) моделі қолданылды. KZ-CERT деректеріне (2015–2025 жж.) жүргізілген талдау нәтижесінде ботнет желілерінің таралуы стационарлы және тұрақты жоғары деңгейде екені анықталды. Вирустар мен фишингтік шабуылдардың да өсімі байқалды. АҚШ (FBI IC3) және Сингапур (CSA) есептерімен салыстыру барысында Қазақстанда инфрақұрылымдық және техникалық сипаттағы қауіптердің басым екендігі, ал дамыған елдерде әлеуметтік инженерия мен мақсатты шабуылдардың үлесі жоғары екендігі айқындылды. Python программалау тіліндегі (pandas, statsmodels) есептеулер негізінде 2026–2028 жылдарға қысқа мерзімді болжам жасалып, ұлттық киберқауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар берілді.