Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2011202610
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеуде Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы тілдік, дискурсивті және прагматикалық сөйлеу құралдарының жиынтығы ретінде қарастырылады. Жұмыстың мақсаты – тілдік тұлға харизмасының лингвистикалық табиғатын дискурс негізінде айқындау. Зерттеу барысында тілдік тұлғаның коммуникативті және тыңдаушысына ықпал ету әлеуетін ескере отырып, оның харизмасының тек психологиялық немесе әлеуметтік-мәдени категория емес, лексика мен синтаксистік құрылымдарды, прагматикалық стратегияларды және дискурсивті модельдерді таңдауда байқалатын жүйелі тілдік негізге ие екендігі анықталды. Сондықтан зерттеу жұмысы тілдік тұлға теориясы мен прагмалингвистика және дискурсологияда, сөйлеу әсері теориясын дамытуда ғылыми маңызға ие. Зерттеудің практикалық маңызы шешендік өнерді үйрету курстарында, стилистика мен дискурстық талдау жүргізуде, медиа және саяси дискурс коммуникациясында, көпшілік алдында сөйлеу және көшбасшылық тәжірибесінде қолданылу мүмкіндігімен құнды. Ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізін Ю.Н. Карауловтың тілдік тұлға теориясы, В.И. Карасиктің дискурстық тұлғаның концепциясы, сонымен қатар сөйлеу әсерінің прагматикалық теориясы және Ethos – Pathos – Logos риторикалық моделі құрайды. Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы авторлық дискурсқа жасалған талдау нәтижесінде негізделді, осылайша харизманың типтік тілдік маркерлері анықталды, харизматикалық сөйлеудің прагматикалық стратегиялары сипатталды, харизманың тілдік шарттылығы дәлелденді, харизматикалық тілдік тұлға моделі жасалды. Жұмыста тілдік тұлға харизмасы туралы түсініктерді лингвистикалық талдаудың нысаны ретінде қарастырып, оның қалыптасқан дәстүрлі психологиялық сипатының тілдік механизмдерде көрініс табуының ерекшелігі сараланды. Зерттеу жұмысының қорытындысындағы лингвистикалық және прагматикалық параметрлер қолданбалы зерттеулерде сөйлеу әсерін бағалау құралы болып, қазіргі таңдағы сөйлеу қарым-қатынасы бойынша оқу және аналитикалық материалдарды дайындауда пайдалануға болады. Түйін сөздер: харизма, тілдік тұлға, дискурс, лингвистика, Ш. Мұртаза.