КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫДАҒЫ БАЛА КЕДЕЙЛІГІ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.89.1.010
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Атаулы Әлеуметтік Көмек алатын 17 көпбалалы отбасымен жүргізілген тереңдетілген жартылай құрылымдалған сұхбаттар негізінде Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік қолдау бағдарламаларының іс жүзіндегі тиімділігіне эмпирикалық талдау жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері кедейлікте өмір сүретін көпбалалы отбасылардағы балалардың толыққанды тамақтануға, білімге және медициналық қызметтерге қол жеткізуі шектеулі екенін және физикалық, танымдық және әлеуметтік дамуына кері әсер ететінін көрсетеді. «Нұрлы жол», АӘК, «Ауыл - ел бесігі» сияқты бағдарламалардың бо-луына қарамастан бала кедейлігінің деңгейі жоғары болып қалуда. Эмпирикалық талдау үш негізгі мәселені анықтады: АӘК төлемдері азық-түлікке жұмсалатын шығынның 40-50%-ын ғана жабады; бюрократиялық кедергілер отбасыларды 4-7 мемлекеттік мекемеге барып-келуге мәжбүрлейді; мемлекеттік бала-бақшаға кезек 6-12 айды құрайды. Зерт-теу шынайы мұқтаж отбасылардың елеулі бөлігі әлеуметтік қолдаумен толық қамтылмайтынын растайды. Алынған деректер негізінде атау-лы қолдауды жетілдіруге, мектепке дейінгі білім беру қолжетімділігін арттыруға және ата-аналардың жұмыспен қамтылуына бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленді.