ЖАЛПЫ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КОГНИТИВТІ ФУНКЦИЯҒА ӘСЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/bb1061202612
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеуде когнитивті жүктеменің дені сау және теміртапшылықты анемиясы бар студенттердің ми биоэлектрлік белсенділігі мен қыртысты аймақтар арасындағы функционалдық байланыстарға әсерін электроэнцефалография (ЭЭГ) әдісімен анықталды. Зерттеуге екі топқа топтастырылған дені сау және теміртапшылықты анемиясы бар студенттер қатысты. Когнитивті тапсырманы орындағанға дейін және когнитивті тапсырманы орындағаннан кейін стандартталған функционалдық режимде ЭЭГ тіркелді, альфа (8-13 Гц) және тета (4-7 Гц) ырғақтарына спектральды талдау және корреляциялық талдаудың бір түрі болып табылатын кросс-корреляциялық талдау жүргізілді. Қатысушылар когнитивті жүктемеге бес минуттық ментальды есеп шығару тапсырмасын орындады. Нәтижелер когнитивті тапсырманы орындағанға дейін екі топта да спектральды көрсеткіштердің сақталғанын көрсетті, ал сенсорлық ынталандыру кезінде теміртапшылықты анемиясы бар топта альфа ырғағының толық қуаты мен тета индексінің төмендеуі анықталды. Когнитивті тапсырманы орындағаннан кейін дені сау топта альфа ырғағының тиімді қалпына келуі, тета ырғағының шектелуі мен қыртысты аймақтар арасындағы үйлесімді функционалдық байланыстары сақталған. Теміртапшылықты анемиясы бар топта альфа синхронизациясының жеткіліксіз қалпына келуі және тета ырғағының шамадан тыс артуы анықталды. Корреляциялық талдауда маңдай аймақтарының орталық және самай аймақтарымен байлынысы әлсіреген. Бұл когнитивті және атқарушы функцияларға жауапты нейрондық желілердің интеграциясының бұзылысын сипаттайды, ал оның гипоксиялық және нейрометаболикалық шектеулермен байланысты екенін көрсетеді. Альфа және тета ырғақтарының спектральды және кросс-корреляциялық көрсеткіштері когнитивті жүктемеге мидың функционалдық күйін бағалауда нейрофизиологиялық маркерлер ретінде қолдануға ұсынылады.