МЕКТЕПАЛДЫ ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ НЕЙРОПЕДАГОГИКАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.80.1.029
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада мектепалды топ балаларының шығармашылық дағдыларын дамытудағы нейропедагогиканың мүмкіндіктері зерттелген. Қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепалды топ балаларының шығармашылық дағдыларын дамыту қажеттілігі ерекше назарға алынған. Авторлар нейропедагогиканың балалардың когнитивтік, эмоционалдық және шығармашылық әлеуетін дамытудағы рөлін сипаттап, оның дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда артықшылықтарын көрсеткен. Нейропедагогика психология, педагогика мен нейроғылымдар тоғысында қалыптасқан инновациялық бағыт екенін негіздейтін көптеген ғылыми еңбектерге талдау жасаған. Зерттеуде аралас әдістемелік тәсіл қолданған теориялық талдау барысында мектепалды топ балаларының шығармашылық дағдыларын дамытуға бағытталған нейропедагогикалық әдістерді эксперименттік зерттеу жүргізген. Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында қолданылған материалдар мен нейропедагогикалық әдістер мектепалды топ балаларына эмоциялық-когнитивтік үдерісті белсендіруде, мультисенсорлық оқыту мен ойын әдістерін қолдануда ойын түрінде қолданылды. Эксперименттік жұмыс дайындық, эксперименттік және қорытындылау кезеңдерін қамтиды. Нәтижелер бөлімінде эксперименттік зерттеу қорытындылары сипатталған. Мектепалды топ балаларына нейропедагогикалық әдістерді қолдану арқылы олардың шығармашылық дағдыларының даму деңгейі бағалаған. Эксперимент нәтижелері нейропедагогикалық әдістерді жүйелі түрде қолдану балалардың шығармашылық дағдыларын дамытуға айтарлықтай ықпал ететінін көрсетеді. Нейрожаттығулар балалардың ақпаратты қабылдау және өңдеу жылдамдығын арттырды, есте сақтау қабілетін жақсартты және шығармашылық ойлау қабілетін белсендірді. Бақылау және эксперимент топтарының салыстырмалы талдауы дәстүрлі оқыту әдістерімен оқытылған балаларға қарағанда, нейропедагогикалық әдістер қолданылған балалардың нәтижелері жоғары болғанын көрсетті. Нейропедагогиканың мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тиімділігін дәлелдей отырып, білім беру сапасын жақсартудағы мүмкіндіктерін атап өткен.