Минималды емес f(R,T) гравитациясында дивергенциясыз баяулау және энергия шарттары

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6836-2026-154-1-18-36
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл жұмыста материя - геометрияның минималды емес байланысы бар f(R,T) гравитациясының ең қарапайым сызықтық моделінде f(R,T)=R+2λT баяулау параметрінің дивергенциясыз параметрленуін зерттейміз, мұнда R - Риччи скаляры, T - энергия - импульс тензорының ізі, λ - байланыс параметрі. Аталған параметрлену арқылы Хаббл параметрін қызыл ығысумен H(z) түрінде шығарып, оны модификацияланған Фридман теңдеулеріне енгіземіз. Модель параметрлері OHD (cosmic chronometers) және Pantheon суперновалар жинақтамасының деректерімен шектеліп, қазіргі мәндер үшін H_0, q_0, және эволюциялық компонент q1 сандық түрде бағаланады, нәтижелер Ғаламның баяулаудан үдеуге бірқалыпты өтетінін көрсетеді. Сонымен қатар, әртүрлі λ мәндерінде энергия тығыздығы ρ мен толық күй теңдеуі параметрінің ω уақыт бойынша өзгерісі талданып, ΛCDM моделінен ауытқулар және λ параметрінің ғаламдық динамиканы қалыптастырудағы рөлі айқындалады. Энергия шарттарын тексеру нәтижесінде NEC және DEC шарттары эволюция бойы орындалатыны, ал SEC шарты кеш уақыттарда бұзылатыны анықталады, бұл бақылаулық үдеумен үйлеседі. Жалпы алғанда, дивергенциясыз параметрлену f(R,T) гравитациясы шеңберінде кеш уақыттағы космостық үдеуді түсіндіруге әрі бақылаулық және теориялық шектеулерді сақтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері стандартты ΛCDM моделімен салыстырмалы талдау жүргізуге және λ параметріне бақылаулық шектеулер қоюға негіз болады.