Іштен жану қозғалтқыштарын жөндеудің тиімділігін арттыру: машиналық оқытуға негізделген болжамды техникалық қызмет көрсету әдісі

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2026-154-1-166-184
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Іштен жану қозғалтқыштарының (ІЖҚ) сенімділігі мен тиімділігі қазіргі көлік техникасы саласында басты зерттеу нысаны болып табылады. Қазақстан жағдайында автокөлік паркі айтарлықтай тозған, климаттық жағдайлар күрделі, ал отын сапасының тұрақсыздығы қозғалтқыштардың мерзімінен бұрын істен шығуына алып келеді. Мұндай факторлар техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесіне қосымша талаптар қояды. Дәстүрлі реактивті жөндеу әдістері қозғалтқыш ақауларын тек істен шыққаннан кейін жоюға бағытталғандықтан, техникалық үзілістердің ұзақтығын арттырып, шығындардың өсуіне ықпал етеді. Ал жоспарлы-алдын алу қызмет көрсету толыққанды сенімділікті қамтамасыз ете алмайды, себебі ол нақты техникалық жағдайды емес, тек уақыттық интервалдарды басшылыққа алады. Осыған байланысты заманауи көлік техникасы саласында машиналық оқытуға негізделген болжамды техникалық қызмет көрсету әдістерін енгізу қажеттілігі туындайды. Бұл мақалада Қарағанды қаласында жүргізілген эксперименттік зерттеулерге сүйене отырып, ІЖҚ жөндеу тиімділігін арттыру үшін сенсорлық жүйелерден жиналған мәліметтерді талдайтын және ықтимал ақауларды алдын ала болжайтын машиналық оқыту моделінің нәтижелері ұсынылған. Зерттеу нәтижелері ұсынылған әдістің жоспардан тыс істен шығуларды азайтып қана қоймай, қозғалтқыштардың қызмет ету мерзімін ұзартып, отын үнемділігін арттыратынын және зиянды заттардың атмосфераға шығарылуын төмендететінін көрсетті.