FORMATION OF THE READINESS OF FUTURE PRIMARY SCHOOL TEACHERS TO MASTER INTERACTIVE TEACHING AIDS

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.69927/wnqr1597
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеуде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін интербелсенді цифрлық оқыту құралдарын (ИЦҚ) меңгеруге даярлау мақсатында әзірленген және апробациядан өткен арнайы оқыту курсының мазмұны мен құрылымдық компоненттері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық технологияларды қолдануға деген кәсіби дайындығын арттыру қажеттілігімен негізделеді. Эксперимент барысында электрондық оқулықтар, Kahoot, Padlet, LearningApps, BilimLand сияқты заманауи цифрлық платформаларды бастауыш сыныптың оқу үдерісіне интеграциялау әдістері мен әдістемелік аспектілері зерделенді. Зерттеу дизайны квази-эксперименталды әдіске негізделіп, қатысушылардың ИЦҚ-ны пайдалану деңгейін анықтау үшін алдын ала (pre-test) және қорытынды (post-test) анкеталық сауалнамалар жүргізілді. Статистикалық талдау нәтижелері көрсеткендей, «толық дайынмын» деуші студенттер үлесі 20%-дан 40%-ға дейін өсіп, эксперименттік топтың орташа ұпайы 64,3-тен 82,6-ға дейін маңызды деңгейде артты ($p < 0,01$; $t = 4,71$). Сонымен қатар, зерттеуде студенттер жиі кездесетін техникалық (35%) және әдістемелік (30%) кедергілер айқындалып, оларды жою бойынша нақты тәжірибелік ұсыныстар әзірленді. Зерттеу нәтижелері әзірленген оқыту курсының болашақ мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастырудағы жоғары тиімділігін дәлелдейді. Алынған мәліметтер болашақ мамандарды даярлаудағы цифрлық педагогиканың әдіснамалық базасын жетілдіруге және заманауи білім беру талаптарына сәйкес кәсіби дағдыларын жаңартуға елеулі үлес қосады.