Ботаникадан оқу-дала практикасының жоғары оқу орындарының оқу үдерісіндегі маңызы

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes861202615
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыруда және кәсіби шеберлігін шыңдауда оқу-дала практикасының рөлі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – білім алушылардың сапалы білім алуына және мансап жолында жетістікке жетуіне ықпал ететін практикалық құзыреттілікті қалыптастырудың маңызын талдау. Ботаникадан оқу-дала практикасы білім алушының кәсіби және тұлғалық өсуіне, ғылыми саланы терең меңгеруіне жағдай жасайды. Теория мен практиканы қатар қолдана отырып, далада нақты мысалдармен жұмыс істеу арқылы білім алушы өзінің кәсіби бағдарын нақтылайды. Білім алушының сапалы білімге қол жеткізуі оның өз бетімен ізденіп, шығармашылық қабілетін дамытқан жағдайда мүмкін болады. Сондықтан практика кезеңін болашақ бәсекеге қабілетті, білікті маман даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі деп санаймыз. Зерттеу жұмысында оқу-дала практикасының білім алушылардың университетте оқу кезеңінде және түлектердің еңбек жолында қандай пайдасы болғанын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамада ботаникадан далалық зерттеу жұмыстарының ғылыми әдіс-тәсілдерді меңгертудегі рөлі мен студенттерге көрсетілетін қолдау деңгейін айқындауға бағытталған сұрақтар енгізілді. Сауалнама нәтижесін талдау барысында оқу үдерісінде жетістікке жету мен кәсіби даму кезеңдерінің практика барысында қалыптасқан дағдылармен тығыз байланысты екені анықталды. Бұл зерттеу жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары және докторанттары үшін биологияны оқытуда әрі ғылыми құзыреттіліктерді қалыптастыруда оқу-дала практикасының маңызын айқындауға құнды материал болмақ. Түйін сөздер: ботаника, оқу-дала практикасы, оқу үдерісі, оқу-танымдық белсенділік.