ECOTOURISM: AN INNOVATIVE RESOURCE FOR FORMING STUDENTS' GEOGRAPHICAL COMPETENCES

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.69927/jkhw5616
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жоғары білім беру жүйесінің негізгі басымдықтарының бірі – студенттердің теориялық білімді меңгерумен қатар оны кәсіби және күнделікті іс-әрекетте тиімді қолдануға мүмкіндік беретін құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. Солардың ішінде географиялық құзыреттілік ерекше орын алады, өйткені ол кеңістіктік заңдылықтарды түсінуді, картографиялық материалдармен жұмыс істеуді, табиғи және әлеуметтік-экономикалық ландшафттарды талдауды және экология-географиялық ойлауды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда экотуризм студенттердің географиялық құзыреттілігін қалыптастырудағы инновациялық ресурс ретінде өзекті мәнге ие. Зерттеудің мақсаты – экотуризмді жоғары оқу орындары студенттерінің географиялық құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді құралы ретінде теориялық тұрғыда негіздеу. Әдіснамалық негіз ретінде ғылыми әдебиеттерді талдау, шетелдік тәжірибені салыстырмалы талдау. Зерттеу PRISMA 2020 стандарттарына сәйкес құрылып, іріктелген әдебиеттер алдын ала белгіленген критерийлер бойынша таңдалды, зерттеу нәтижелері экотуризмді білім беру тәжірибесіне енгізу студенттердің географиялық құзыреттілігін айтарлықтай арттыратынын көрсетті. Қазақстандық және шетелдік тәжірибені салыстырмалы түрде қарастырып, экотуризмді оқу бағдарламаларына енгізу, цифрлық және GIS-технологияларды интеграциялау, сондай-ақ далалық практикаларды ұйымдастыру жолдары көрсетілді. Оқу маршруттарының нақты жүзеге асырылуының мысалдары, студенттердің қатысу деңгейінің өсуі, экологиялық мәдениеттің дамуы және жауапты мінез-құлық қалыптастыру көрсетілді. Арнайы назар практикалық нәтижелерге аударылды: сандық жетістіктер, әдістемелік шешімдер, сондай-ақ университеттерде экотуризм білімін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар берілді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы экотуризмнің теориялық білім мен практикалық әрекетті біріктіре отырып, студенттердің географиялық құзыреттілігін кешенді қалыптастыруға мүмкіндік беретін инновациялық білім беру ресурсы екендігін негіздеуде жатыр. Мақалада жүргізілген талдау университеттердің оқу бағдарламаларына экотуризмді жүйелі түрде енгізу болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдірумен қатар, олардың экологиялық мәдениетін дамытуға және тұрақты даму қағидаттарына сәйкес жауапты тұлға қалыптастыруға мүмкіндік беретінін дәлелдейді.