ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ТҮРКІСТАН БАЙЛАНЫСТАРЫНДАҒЫ ТҮРКІЛІК ИДЕОЛОГИЯ (ХІХ Ғ.СОҢЫ-ХХ Ғ.БАСЫ)

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh120120268
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Осман империясы мен Түркістан байланысындағы саяси қатынастардың идеологиялық негіздері қарастырылады. Османлы элитасы Ресей империясының билігіндегі түркі-мұсылман халқына ықпал ету құралы ретінде қолдануға тырысқан панисламизм мен пантүркизм тұжырымдамаларында көрсетілген түркілік идеологияның қалыптасуындағы алғышарттарға назар аударылады. Османлы қоғамындағы саяси өзгерістерге байланысты түркілік идеяның мазмұнының жаңаша сипат алуы, түркі халықтары мен мұсылман қауымына бағытталған пантүркизм идеяларының мақсаттары және жүзеге асыру тетіктері талданады. Зерттеу жұмысында Османлы билігінің практикалық қадамдары: эмиссарларды жіберу, діни әдебиеттерді тарату, білім беру байланыстарын дамыту және жәдидшілік қозғалыс өкілдерімен идеологиялық диалог құруы қарастырылды. Ресей империясының отарлық саясаты жағдайында Түркістандағы жәдидшіл зиялылардың саяси идеяларға деген реакциясы мен қатынасы зерттеледі. Сонымен қатар, мақалада Түркістанның мұсылман зиялыларының реакциясы, олардың Османлы бастамаларын қабылдауы, түрік идеяларын отарлық бақылау жағдайында бейімдеуге деген ұмтылысы бағаланды. Осман мемлекетінің діни насихат, білім беру, дипломатиялық және идеологиялық ықпалының аспектілері заманауи зерттеулер негізінде талданды. Осман империясының сыртқы саясатындағы түркілік идеологияның рольі және түркі әлемінің ортақ діни-мәдени құндылықтары негізінде Осман империясы мен Орта Азия арасындағы өзара мәдени-рухани және саяси ықпалдастықтың тарихи маңызы ашып көрсетіледі.