Цифрлық коммуникацияның заманауи теориялары: жаңа әдістемелік тәсілдер

Herald of journalism, 2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj791202611
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Орта Азия елдері негізінде цифрлық коммуникацияның заманауи теориялары мен жаңа әдістемелік тәсілдері жан-жақты қарастырылады. Интернет пен әлеуметтік желілердің таралуы, мультимедиялық коммуникацияның дамуы, алгоритмдік басқару мен қатысушы мәдениетінің жаңа медиа ортасында қалыптасуына назар аударылды. Әсіресе, Орта Азияның ішкі нарығында Telegram, Instagram және YouTube платформалары дәстүрлі БАҚ-ты ығыстырып, баламалы коммуникация арналарына айналды. Зерттеу барысында Қазақстандағы «Vlast.kz», «Tengrinews.kz», Қырғызстандағы «Kloop.kg» немесе Өзбекстандағы «Kun.uz» сияқты порталдар цифрлық коммуникацияның белсенді қолданыстағы жаңа әдістемелік тәсілдері (инфографика, дата-журналистика, сторителлинг) ерекше назарға алынып, салыстырмалы талдау жасалды. Сонымен бірге, постшындық дәуіріндегі ақпараттың бұрмалануы, жалған жаңалықтар мен алгоритмдік мәдениеттің аудитория қабылдауына әсері де қарастырылды. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, сапалық және сандық әдістер қолданылып, цифрлық коммуникация теорияларының эволюциясы мен олардың дәстүрлі теориялардан айырмашылығы сараланды. Нәтижесінде цифрлық коммуникацияның интерактивтілік, ашықтық, дербестендіру және гипермедиа сияқты қасиеттері қазіргі қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың жаңа моделін қалыптастыратыны дәлелденді. Зерттеу мақаласының ғылыми маңыздылығы - цифрлық теорияларды әлеуметтік, мәдени және ақпараттық тұрғыдан кешенді қарастыру арқылы жаңа әдіснамалық үлгілерді ғылыми айналымға енгізу. Ал мақаланың практикалық мәні - алынған тұжырымдарды медиа және білім беру саласында пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.