ӘСКЕРИ САЛАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН РОБОТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/2026-1/3107-3123.09
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі таңдағы ғылым мен техниканың қарышты қадамына қарай әскери саладағы жаңашыл технологиялардың да қарқынды дамып келе жатқандығы сөз болады. Әскери робот техникасы педагогикалық білім берудің маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Оған заманауи қақтығыстарда тиімділікті арттыру, адам шығынын азайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ күрделі және қауіпті тапсырмаларды орындау мүмкіндігі сияқты артықшылықтар тән. Робот техникасының бұл түрі соғыс өнеріне жаңа көзқарас әкеліп, әскери операцияларды жүргізу тәсілдерін түбегейлі өзгертуге ықпал етуде. Мақалада робот техникасының тарихы мен даму кезеңдеріне шолу жасай отырып, роботтардың әртүрлі типтері мен оларды басқару әдістері туралы біршама түсініктер қалыптастырылған. Әскери робот техникасының жетістіктері мен оның қолданысының бүгінгі таңда кеңінен таралып, соғыс қимылдарын жүргізуде жаңа мүмкіндіктер мен артықшылықтар ұсынатыны сарапталады. Әскери робот техникасына қатысты ғылыми білімнің қалыптасуы мен дамуы, оның болашақта маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Қазіргі уақытта робот техникасының маңыздылығы артып және өзектеніп келеді. Оның бір себебі – әскери операциялар кезінде адам әлеуетін сақтау. Бұл конструкторлық және жобалық ғылымизерттеу қызметі негіздерін меңгеруді талап етеді. Екінші себеп, бұл инновациялық технологиялардың даму тұрғысынан алғанда өзектілігі зерттеліп, өндірістің көп бөлігін роботтандыруға негізделеді. Үшіншіден, мамандар мен операторларды дайындаудың қажеттілігі байқалады. Робот деген не екенін және олардың қандай түрлерінің бар екені мақалада кеңінен сөз болады. Роботтар көбінесе адамдар үшін қиын немесе мүлдем мүмкін емес тапсырмаларды орындайды. Роботтар шаршауды білмейді және тәулік бойы жұмыс істей алады, бастысы батарея заряды жеткілікті болса болды. Ал роботтардың тиімділігі туралы тіпті айтудың қажеті жоқ – адамдардың бір жыл істейтін жұмысын робот бір айда бітіреді. Міне, ғылыми зерттеу осы сияқты өзекті жайттарды оқыту мәселесін ашып көрсетеді.