Мирча Элиаденің модерн рационал ақылды сынауы

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.65608/qut.2026.1.06
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада модерн рационал санадағы постмодернизмнің бүгінгі ахуалы қарастырылады. Сана тұрғысынан қарағанда, автор постмодернизмдегі, модерн рационал сананың тұйыққа тіреліп, өзінің қарсыласына айнала бастауын сөз етеді. Хайдеггердің болмыс философиясымен басталған модерн рационал санаға бағытталған сын Дерриданың еркіндік философиясында шарықтау шегіне жеткен еді. Бұдан әрі рационал сана болмысты және соған байланысты шындықты өзінің бақылауында ұстап отыра алмайтыны айқын болды. Яғни, болмыстың тек қана адам санасына ашық күйде берілмейтіні, керісінше оның кейде ашық, кейде жасырын түрде адам санасына үздіксіз әсер етіп отыратыны анықталды. Бұл өз кезегінде рационал сананың өзгеріске ұшырауына жол ашты. Мұндай жағыдай модерн рационал сананың шексіз еркіндікке жетуге деген талпынысының иллюзиясы екендігін көрсетті. Ал діндер тарихы саласының өкілі Элиаденің көзқарастары модерн рационал сананы сынға алған модерн адамның санасын жаңартуды көздейтін. Оның модерн рационал санаға бағытталған сыны оны толықтай терістеуге емес, қайта оның кемшіліктерін ашып көрсетуге бағытталған болатын. Элиаде өз еңбектерінде қарабайыр тарихтың тар шеңберінде тұйықталған модерн адамның санасын дәстүрлі қоғамда өмір сүрген діндар адамның мифтік (діни) дүниетанымындағы жасырынған шынайы ашықтық пен еркіндікті ашқысы келетін. Сондықтан мақала авторы Элиаденің көзқарастарынан тұйыққа тірелген рационал сана үшін жаңа бір шығар жол іздейді. Әрі бұл жолды философиялық тұрғыда модерн рационал сана өзінің ерекшелігін жоғалтпай, Элиаде көрсеткен кемшіліктерден арылып, жаңа деңгейге қалай көтеріле алады деген сауал төңірегінде қарастырады.