БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ САБАҒЫНДА STEAMТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.54251/2522-4026.2026.1.17au
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеуде бейорганикалық химияны оқытуда STEAM технологиясын қолданудың жан-жақты тиімділігі қарастырылды. Жұмыс барысында «Химиялық реакция жылдамдығы» және «Химиялық тепе-теңдік» тақырыптары бойынша теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын арнайы ұйымдастырылған сабақ және зертханалық жұмыс жүргізілді. Алдын ала сауалнама жүргізу арқылы студенттердің зерттеушілік, шығармашылық және ғылыми дағдыларында қалыптасу деңгейінде бірқатар қиындықтар бар екенін анықталды. Осыған байланысты оқу процесіне STEAM технологиясының элементтерін енгізу арқылыстуденттердің пәнге қызығушылығын арттыру және олардың практикалық дағдыларын дамыту мақсат етілді. Практика барысында STEAM технологиясын қолдана отырып алынған ғылыми теорияны олар әрі қарай зерттеп зерттеушілік дағдыны қалыптастыру арқылы оны тәжірибелік түрде қолдана алды. Зертханалық жұмыс нәтижелерін модельдеу, визуализация және графикалық өңдеу студенттердің шығармашылық ойлауын айтарлықтай дамытты. Пост-сауалнама нәтижелері STEAM технологиясының студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруда тиімді екенін көрсетті. Жүргізілген зерттеу нәтижелері STEAM тәсілінің химияны оқыту сапасын арттыруда және білім алушылардың ғылыми танымдық белсенділігін дамытуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдейді.