БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАРҒА ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ЖОҒАРЫ ҚҰРЫЛЫМДЫ ПОЛИМЕРЛІ ГИДРОГЕЛЬДІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.54251/2616-6429.2024.04.003nu
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта технологиялары жоғары дамыған елдерде суда және биологиялық сұйықтықтарда ондаған және жүздеген есе қайтымды ісінуге қабілетті полимерлі гидрогельдер медицинаның әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Кеңістікте өзара байланысқан гидрофильді полимерлер болып табылатын полимер гидрогельдері құнды физикалық, химиялық және медициналық-биологиялық қасиеттердің бірегей жиынтығына ие (кең диапазондағы су мен биологиялық сұйықтықтар үшін реттелетін сорбциялық қабілеті, биоүйлесімділігі, жұмсақ тін тәрізді консистенциясы, үлкен және кіші молекулаларға қатысты өткізгіштігі, улы еместігі және т.б.). Бұл оларды ішкі және ұлпа ішілік протездер (жұмсақ тіндердің, шеміршектердің, сіңірлердің пластикалық хирургиясы және т.б.), көруді түзетуге арналған жанаспалы линзалар, гемоүйлесімді материалдар, жараларды және терінің күйік зақымдануын емдеуге арналған түбегейлі жаңа құралдар, бақыланатын бөлінетін заттар жүйелері және әртүрлі дәрі-дәрмектерді органға тікелей тасымалдау құралдары сияқты диагностикалық мақсатта және т.б. медицинаның көптеген салаларында практикалық қолданудың жоғары тиімділігін анықтайды.