Исламдық саяси ойдағы мемлекет концепциясы: классикалық ойшылдар көзқарасы

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.65608/qut.2026.1.02
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ислам саяси ойының тарихында мемлекет мәселесі теориялық әрі практикалық тұрғыдан маңызды орын алады. Ортағасырлық мұсылман ойшылдары саяси биліктің мәні, оның құқықтық негіздері, қоғамды басқарудың діни-нормативтікөлшемдері туралы терең әрі жүйелі көзқарастар қалыптастырды. Осы тұрғыда әл-Мауарди, Әбу Хамид әл-Ғазали және ИбнТаймияның мемлекет туралы ілімдері исламдық саяси философияның негізгі бағыттарын айқындайтын маңыздыинтеллектуалдық мұра болып табылады. Бұл ойшылдар әртүрлі тарихи кезеңдер мен саяси жағдайларда өмір сүргенімен, олардың еңбектерінде мемлекет пен саяси биліктің мақсаты, дін мен саясаттың арақатынасы, билеушінің жауапкершілігіжәне қоғамдық әділеттілік мәселелері ортақ тақырып ретінде көрініс табады. Әл-Мауарди мемлекетті шариғат нормаларын жүзеге асыратын саяси институт ретінде қарастырып, халифат билігінің құқықтық және әкімшілік негіздерін нақтылап көрсетеді. Әл-Ғазали дін мен мемлекетті бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын, өзара тәуелді құрылымдар деп түсіндіріп, олардың үйлесімділігі қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықтың басты кепілі екенін атап өтеді. Ал Ибн Таймия саяси биліктің негізгі міндеті әділеттілікті орнату және қоғамның ортақ мүддесін қорғау деп пайымдайды. Осы мақалада аталған ойшылдардың мемлекет туралы көзқарастары салыстырмалы талдау әдісі арқылы зерттеліп, олардың ислам саяси ойының дамуына қосқан үлесі айқындалады.