Физиканы оқытуда оқушылардың зерттеушілік іскерлігін дамытудың педагогикалық негіздері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51582/interconf.19-20.11.2025.007
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

XXI ғасырдағы қоғам күрделі, құбылмалы және өзара тығыз байланысқан ақпараттық‑технологиялық ортада дамиды. Тиісінше, мектептегі физика сабағы тек дайын ережелер мен формулаларға сүйеніп қана қоймай, жасөспірімнің зерттеушілік іскерлігін қалыптастыруы тиіс. Мақалада физика сабағында оқушылардың зерттеушілік іскерлігін қалыптастырудың педагогикалық негіздері қарастырылады. Зерттеу барысында inquiry-based learning (зерттеуге негізделген оқыту), проблемалық және жобалық тәсілдердің өзара байланысы талданып, ғылыми процесс іскерліктері (бақылау, болжау, өлшеу, интерпретация, модельдеу) басты құрал ретінде айқындалды. Антонио Р. П., Пруденте М. С. (2024) деректері негізінде зерттеуге негізделген оқыту тәсілінің физикадағы тиімділігі (g = 1,131) дәлелденіп, PhET симуляторлары зерттеуді визуалды және қолжетімді ететіні көрсетілді. Зерттеу нәтижесінде автор ұсынған интегративті модель оқушылардың дербестігін, зерттеу белсенділігін және сандық зерттеу іскерлігін жүйелі дамытуға мүмкіндік береді. Модель NARST ұйымының ғылыми процесс іскерліктері құрылымына, халықаралық мета-талдаулар мен қазақстандық педагогикалық тәжірибеге сүйеніп әзірленді. Нәтижесінде физика сабағы зерттеу мәдениетін, сыни ойлауды және ғылыми дәлелдеу қабілетін дамытудың тиімді алаңы ретінде сипатталады.