Аңдатпа
Зерттеудің өзектілігі әлемдік туризм индустриясының қарқынды өзгерістерге ұшырауы, тұтынушылар сұранысы мен бәсекелестік әрекеттердің, қызмет көрсету стандарттарының түбегейлі жаңаруы, еліміздің туристік кәсіпорындар қызметінің жағдайын зерттеу мен өзекті мәселелерін анықтау қажеттілігін туындатып отыр. Туристік қызметті ұсыну ішкі туризмнің қызметіне деген сұраныстан қалыптасады және шығу туризмі бойынша сұраныс балансын ұстап тұру және келу туризмі бойынша сұранысты арттыру еліміз үшін маңызды. Еліміздің бай туристік әлеуетінен қалыптасқан туристік өнім қызметінің ұсынысы сұранысты арттыра алуы қажет. Тұтынушылардың қажеттілігі заман дамуымен қатар, түрленіп, әртараптануда. Қазіргі таңда еліміздің туристік сала қызметіндегі тұтынушылар қажеттілігін үздіксіз үнемі зерттеу қажеттілігі туындап отыр және ол сала қызметінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және туристік саланың беделінің әлемдік деңгейде танылуына мүмкіндіктерді ашады. Мақалада туристік қызметтің сұранысына әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және демографиялық факторларды статистикалық, факторлық талдау, деректер қорын визуализациялау, синтездеу және жүйелендіру, топтау әдістерін қолдана отырып зерттеу, тұтынушылар мінез-құлқының ерекшеліктеріне әсерін бағалау міндеттері қойылды. Елімізде ұсынылып отырған туристік қызметтердің өңірлер бойынша қарқыны, кейбір өңірлердің белсенділігінің төмендігін, біркелкі болмауы зерттеу барысында анықталып, қолданылмай отырған мүмкіндіктері анықталды. Ел ішіндегі кәсіпорындармен ұсынылып отырған туристік қызметке қызығушылықтың артуы, ішкі туризмнің бағыттарының кеңеюі, туристік кәсіпорындар қызметінің сапасы мен белсенділігін жетілдіру үрдістері ұсынылды. Зерттеу нәтижелері еліміздегі туристік қызметті тұтынудың қазіргі ахуалын бағалап, болашақта туризм индустриясының тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. The relevance of the research is due to the rapid changes in the global tourism industry, the radical renewal of consumer demand and competition, standards of services, and the need to study the state and identify urgent problems of the country's tourism enterprises. The provision of tourist services is formed not only from the demand for domestic tourism services, it is important for the country to maintain a balance of demand in outbound tourism and increase demand for inbound tourism. The offer of services of a tourist product, formed from the rich tourism potential of the country, should increase demand. The needs of consumers, along with the development of times, are transformed and diversified. Currently, in the country's tourism industry, there is a need for continuous, continuous study of consumer needs, which leads to an increase in the competitiveness of the industry and increases the prestige of the tourism industry at the global level. The article sets out the tasks of statistical, factor analysis of economic, social and demographic factors affecting the demand for tourism activities, visualization, synthesis and systematization of databases, research using grouping methods, and assessment of the impact on consumer behavior. The pace of tourist services provided in the country by region, low activity in some regions, and unevenness were revealed during the study and unused opportunities were identified. The processes of increasing interest in the proposed tourism activities by enterprises within the country, expanding the directions of domestic tourism, and improving the quality and activity of tourism enterprises are proposed. The results of the study will make it possible to assess the current state of tourism consumption in the country and identify important areas contributing to the sustainable development of the tourism industry in the future.