Туристік нарықтағы тұтынушы мінез-құлқының салыстырмалы талдауы

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2025.4(61).13
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның ішкі және халықаралық туристік нарықтарындағы тұтынушы мінез-құлқы көпқырлы салыстырмалы талдау негізінде зерттелді. Зерттеу барысында сандық, сапалық және салыстырмалы-талдамалық әдістер қолданылып, 2020–2024 жылдар аралығындағы ресми статистикалық деректер, сондай-ақ мотивациялық факторларды түсіндіретін RFM-PPTM және RRM-PPTM модельдері пайдаланылды. Туристік сұраныстың жас құрылымы, аймақтық ерекшеліктері, курорттық аймақтардағы келушілер динамикасы және ішкі-сыртқы туристердің мотивациялық айырмашылықтарын анықтады. Зерттеу нәтижелері ішкі нарықта экономикалық белсенді жастағы топтардың (25–44 жас) басым екенін, отбасылық туризмнің тұрақты үлесін және егде жастағы туристер сегментінің әлеуетті өсуін көрсетті. Курорттық аймақтар бойынша келушілер санының айқын өсуі ішкі туризмнің институционалдық және инфрақұрылымдық тұрғыдан күшейіп келе жатқанын дәлелдейді. Мотивациялық факторларды талдау әлеуметтік мотивтердің жоғары түсіндірмелі күшке ие екенін, ал өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған мотивтердің мәдени-когнитивтік қызығушылықпен тығыз байланысын анықтады. RFM-PPTM моделі мотивацияның құрылымдық табиғатын ашуда тиімді нәтиже берді. Жалпы алғанда, зерттеу туристік сегментацияны жетілдіру, мәдени және білім беру бағытындағы өнімдерді дамыту, сондай-ақ тұтынушы мінез-құлқының мотивациялық деңгейлерін ескере отырып стратегиялық жоспарлау жүргізудің маңыздылығын көрсетеді. Алынған нәтижелер Қазақстан туризмінің болашақта тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми және практикалық ұсыныстардың негізін құрайды деп ойлаймыз. This article presents a multifaceted comparative study of consumer behavior in Kazakhstan’s domestic and international tourism markets. The analysis employs quantitative, qualitative, and comparative-analytical methods, drawing on official statistical data from 2020–2024 as well as the RFM-PPTM and RRM-PPTM models, which explain key motivational factors. The study identifies the age structure of tourism demand, regional characteristics, visitor dynamics in resort areas, and motivational differences between domestic and international tourists. The findings indicate that economically active age groups (25–44 years) dominate the domestic market, with family tourism maintaining a stable share and the senior tourist segment showing potential for growth. The notable increase in visitor numbers across resort regions reflects the strengthening institutional and infrastructural foundations of domestic tourism. The analysis of motivational factors demonstrates the strong explanatory power of social motives and highlights the close link between self-actualization motives and cultural-cognitive interests. The RFM-PPTM model proved effective in revealing the structural nature of tourist motivation. Overall, the study underscores the importance of enhancing tourism segmentation, expanding cultural and educational tourism products, and integrating motivational dynamics into strategic planning. The results provide a basis for developing scientific and practical recommendations aimed at ensuring the sustainable development of Kazakhstan’s tourism sector in the future.