Аңдатпа
Бұл мақалада VSAT (өте шағын диафрагмалық терминал) технологиясын қолдана отырып KazSat-3 жерсерігі арқылы жүзеге асырылатын жерсеріктік байланыс жүйесінің конфигурациясы мен жұмыс тиімділігіне талдау жасалады. Зерттеудің өзектілігі шалғай аймақтарда цифрлық теңсіздікті жою және тұрақты байланыс инфрақұрылымын қамтамасыз ету қажеттілігімен негізделеді. Зерттеу барысында терминалдың негізгі параметрлері, соның ішінде IP мекенжайлары, модуляция түрлері, деректер ағынының жылдамдықтары және сигнал сапасы көрсеткіштері жан-жақты қарастырылды. Телеметриялық деректер мен конфигурация нәтижелері негізінде жүйенің тұрақты және сенімді жұмыс істейтіні анықталды. Сонымен қатар, деректерді қабылдау сапасы мен қуат резервтері бойынша жүргізілген талдау жүйенің тиімділігін арттыру жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері желі әкімшілеріне жүйенің жұмысын оңтайландыру және байланыс сапасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін практикалық ұсынымдар береді.